Жаңаөзендік Гүлдана Тенелбаева Ташкент қаласында жастар арасында өткен Азия кубогында қола жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Азия кубогы 12-14 сәуір аралығында өтті. Оған 450-ге жуық спортшы қатысты. Маңғыстау облысы атынан сынға түскен Гүлдана Тенелбаева +78 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдені қанжығаға байлады.
Бапкері Мелис Жүнісбаевтың айтуынша, Гүлдана бұған дейін жастар арасында өткен ел біріншілігінде қола жүлдегер, 23 жасқа дейінгі ҚР чемпионатында күміс жүлдегер атанған. Ал 2023 жылы Алматы қаласында Азия кубогын жеңіп алды.