Ақтау теннис мектебінің түлегі, әлемнің 201-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Мехико турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Mangystaumedia.kz.
Мексика турнирінде 5-ракетка ретінде тіркелген 23 жастағы жерлесіміз екінші айналымда рейтингіде 685-сатыда тұрған мексикалық, 18 жастағы Родриго Пачеко Мендесті ұтты.
1 сағат 13 минутқа созылған матчта Бейбіт қарсыласынан 6:3, 6:4 есебімен басым түсті. Енді Б.Жұқаев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 212-ракеткасы, канадалық Алексис Галарномен өзара мықтыны анықтамақ.
Қазақстандық спортшы ATP Live рейтингісінде ТОП-200-ге қайта кіріп, 190-орынға көтерілгені белгілі болды.