Қарағанды қаласында пара үстел теннисінен жастар арасында жекелей санатта Динара Тынымбай ел чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маңғыстаулық пара үстел теннисшілері жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында жекелей, жұптық және аралас жұптық санатта 5 медаль иеленді.
Жекелей сында 1-5 класс санатында Динара Тынымбай 1-орын, Майра Салиева 3-орын иеленсе, 9 класс санатында Тұрдыбек Жидеғалиев 2-орынға тұрақтады. Ал аралас жұптық разрядта Динара Тынымбай павлодарлық жұбы Артём Комаровпен бірігіп 2-орынға қол жеткізді.
Сондай-ақ, жұптық разрядта Тұрдыбек Жидеғалиев қарағандылық Никита Мокаренкомен бірігіп үздік үштікке қосылды.
МО пара үстел теннисінен аға жаттықтырушы Наурызбек Бақтығұлдың айтуынша, ел чемпионы атанған Динара Тынымбай финалда Жетісу облысының спортшысы Дария Ысқақтан басым түсіп отыр.
1-5 сәуір аралығында Қарағанды қаласында өткен ҚР чемпионатына еліміздің 9 өңірінен 50-ге жуық спортшы жеке, жұптық және аралас жұптық разрядта бақтарын сынаған.