Самбодан КСРО спорт шебері Қайрат Мейренбаевты еске алуға арналған Қазақстан Республикасының ашық чемпионатында Маңғыстау облысының командасы бірінші орын алды. 23 жасқа дейінгі ерлер мен əйелдер арасындағы чемпионат 2018 жылғы 6-8 желтоқсан аралығында өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Чемпионатқа еліміздің 14 облысы мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларын қосқанда барлығы 17 команда қатысты. Жарыста 600-ге жуық спортшы бақ сынады.
Бұл чемпионатта тұңғыш рет Маңғыстау құрама командасының мүшелері "Жас батыр" спорт мектебінің самбошылары өз бақтарын сынаған болатын.
"Жас батырлықтар" 4 алтын 2 күміс медалға ие болды. Атап айтсақ, 52 келі салмақта Даурен Төлегенов, 57 келі салмақта Бауыржан Нарбаев, 62 келі салмақта Рамазан Мамаев, 64 келіде Ақниет Тұрдан алтыннан алқа тақса, 68 келіде Нұрбек Қуанышұлы мен 74 келі салмақта Ерғазы Бағдат күміс медальді еншіледі.
Самбошыларды чемпионатқа Берік Жұмағалиев бастаған бапкерлер дайындады.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Суреттерді "Жас батыр" мектебі ұсынды
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="67122,67120,67121"]