Тамыз айының 18-19 күндері Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған мүгедек спортшылар арасында тұңғыш рет Қазақстан Республикасының кубогы сарапқа салынған жарыс өттті.
Осы дүбірлі додаға ауданымыздан қатысқан жеңіл атлетикадан спорт шебері Асхат Юсупов 61 келі салмақ дəрежесінде 1-інші орын алып, жүлдегер болса, сол секілді Қуандық Бисенов те 61 келі салмақ дəрежесінде 2-інші орынды алды.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Маңғыстаулықтар Азиада чемпионы Дархан Нортаевты күтіп алдыЖеңімпаз болған екі спортшымыз да Батыс Қазақстан облысы бойынша мүгедектердің сурдо-паралимпиадалық таеквондо федерациясының дипломымен марапатталды. Асхаттың жаттықтырушысы - Сали Жалғасбаев.
Қазір олар Қазақстан Республикасы чемпионатына дайындалып жүр.
К.ӘДІЛ