Ақтауда каратэ-додан Mangystau Open халықаралық турнирі өтті. Жарысқа 10-13 жас аралығындағы жасөспірімдер, 14-15 жас аралығындағы кадеттер мен жастар, сондай-ақ үлкендер қатысты. Жарысқа Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Қырғыз Республикасы, Түркия және Түрікменстан сияқты алты мемлекеттен 350 спортшы қатысты.
Турнирді Маңғыстау облысының спорт басқармасы және Маңғыстау облыстық каратэ-до федерациясы ұйымдастырды. Жарыс ұйымдастырушыларының айтуынша, турнирді өткізудегі мақсат – жастар арасында спортқа деген қызығушылықты қалыптастыру, K-fighter мен каратэ-доны насихаттау, әрі спортшылар арасында достық байланысты нығайту.
Екі күндік жарыс қорытындысы бойынша 350 спортшының арасында жалпыкомандалық есепте Қазақстанның командасы бірінші орынға көтерілді. Командалық есепте 2-ші орынды Ресей каратэшілері иеленді.
https://www.youtube.com/watch?v=EE__mNiTkQ8Сонымен қатар, осы халықаралық турнир аясында каратэ-до жұлдыздарының қатысуымен K-fighter-ден жаттықтырушы, белгілі спорт шебері Қожаев Мұхтар Амангелдіұлын еске алуға арналған турнир ұйымдастырылды.
«Бұл K-fighter жарысына каратэның жұлдызы саналатын 8 мықты спортшы қатысты. Олардың арасында чемпион белдігі сарапқа салынып, 1-орынға 1000 доллар, екінші орынға 500, 3 орын алған қос спортшыға 250 доллар сыйақы берілді», - деп атап өтті Маңғыстау облыстық каратэ-до федерациясының жаттықтырушысы Александр Гаплевский.
https://www.youtube.com/watch?v=wv-153UCxuc https://www.youtube.com/watch?v=eNRzPKwtQUEБұл таңдаулы сегіздіктің арасында маңғыстаулық Бексұлтан Мұса басым түсіп, чемпион белдігіне ие болды. Сондай-ақ екі күндік турнир аясында маңғыстаулық жас спортшылар мен көрермендерге осы саланың кәсіби спортшылары, спорт шеберлері мастер-класс өткізді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жарыс жыл сайын ұйымдастырылмақ.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Суреттерді және видеоны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="58667,58668,58669,58670,58671,58672,58673,58674,58675,58676"]