Тайвань мемлекетінің Тайпей қаласында дзюдодан ересектер арасында өткен ашық Азия кубогінде 66 кг салмақ дәрежесінде ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі, маңғыстаулық дзюдошы Сұңғат Жұбатқан қола медаль иеленді. Бұл туралы оның бапкері Манарбек Бисекенов хабарлады.
Ол бірінші кездесуінде вьетнамдық палуанды, екінші кездесуінде түркімен палуанын иппон (таза жеңіс) әдісімен жеңді.
Үшінші кездесуінде австриялық палуанға вазари ұпайымен есе жіберіп қойды. Жұбаныш белдесуінде жерлесіміз Бауыржан Сағынғалиұлын иппон (таза жеңіс) ұпайымен ұтып, үшінші орын үшін таласта Оңтүстік Кореялық палуанды иппон (таза жеңіс) ұпайымен жеңді. Осылайша Сұңғат Жұбатқан ересектер арасында Азия кубогінің қола жүлдегері атанды.
Осы жарыста 60 келі салмақта белдесетін Рамазан Мамаев және 63 кг салмақ дәрежесінде дзюдошы Ақниет Тұрдан қола медаль үшін белдесуде ұтылып, бесінші орынға тұрақтады.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Суреттерді «Жас батыр» мектебі ұсынды
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="57582,57583,57584"]