2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында Павлодар қаласында дзюдодан өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында 55 келі салмақ дəрежесінде Мерей Марханбетов 1-орын алып, алтыннан алқа тақты. Жаттықтырушысы - Сапар Боранбаев.
Сондай-ақ Сабыржан Қонаев жаттықтыратын 60 келі салмақтағы жас дзюдошы Рауан Салық күміс медаль алды.
Маңғыстаулық бойжеткендер де намысты қолдан бермей, қыздар арасында Жансұлу Амандық 63 келі салмақ дəрежесінде үшінші орын алды. Жаттықтырушысы - Сапар Боранбаев.
Естеріңізге сала кетелік, жасөспірімдер арасында Павлодар қаласында 15-16 маусым күндері Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. 2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен жарысқа республиканың 14 облысы мен 2 бас қаласынан 300-ге жуық ер бала, 200-ге жуық спортшы қыз қатысты. Екі күнге созылған бәсекеде Маңғыстаудың қоржыны бір алтын, бір күміс және үш қола медальмен толығып, жалпы командалық есепте 6 орынға табан тіреді. Қазақстан чемпионатында Маңғыстаудың намысын Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Түпқараған, Маңғыстау, Қарақия аудандарының дзюдошылары қорғады.
Маңғыстаудың жас дзюдошыларын жеңістерімен құттықтаймыз!
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Суреттерді жаттықтырушылар ұсынды
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="56313,56314,56315,56316"]