Мұнайлылықтар Қазақстан республикалық чемпиониатта каратэ-до спорты бойынша олжалы оралды. Жасөспірімдер 23-25 наурыз аралығында өткен бұл сайыста каратэ-доның Шито-рю стилі бойынша сынға түскен.
Сонымен қанжығамызда 10 жүлдегер бар. Мұнайлы ауданынан қатысқан 23 спортшының 10-ы жүлдемен оралды. Спортшыларды Ерлан Сәрсенов, Айбек Төребаев есімді бапкерлер дайындаған. Атап айтсақ, жеңімпаздар:
Мадияр Баймұрат – І орын Азат Ягумур – І орын (10-11 жас, -35 кг), Айдос Мұхат – І орын (12-13 жас) Сағыныш Смағұл – ІІ орын (8-9 жас, - 45 кг) Темірлан Кисанов – ІІІ орын (12-13 жас, - 35 кг) Жанғазы Наптал – ІІІ орын (12-13 жас, - 35 кг) Асылжан Серік – ІІІ орын (10-11 жас, - 30 кг) Ақылжан Хадырбаев – ІІІ орын (10-11 жас, - 45 кг) Руслан Еркін – ІІІ орын (8,9 жас, - 40 кг) Сүндет Қожаев – ІІІ орын (16-17 жас, - 68 кг) Мадиярды Баймұратты әкесі 5 жасында спорт мектебіне алып келген. Сабақты үздік оқитын ол каратэ-додан 30 кг салмақ дәрежесінде І орынды алып келді. Мадияр алғашқыда Алматы, Астана, Көкшетаудан келген қарсыласымен шаршы алаңға шықса, ақтық сайысты басты қарсыласы шымкенттік болған. Сөйтіп финалда 2:1 есебімен жеңіске жеткен ол Маңғыстаудың намысын қорғады.
Айгүл ДӘДЕН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="50703,50702"]