Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 29 жыл толды. Жарияланбаған соғыс 1979 жылы 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына дейін 9 жылдан астам уақытқа созылған еді. Оған Қазақстаннан 22 мыңдай жауынгер қатысқан, олардың 761-і қаза тауып, 21 адам хабарсыз кеткен.
Содан бері 29 жыл өтсе де сол бір қасіретке толы оқиғалар көптің көкейінен әлі де кете қойған жоқ.
Бүгін Ақтауда осы айтулы датаға орай дәстүрлі тағзым ету шаралары басталды. Облыс орталығында мәдени-көпшілік, спорттық, патриоттық шаралар ұйымдастырылуда.
Бүгін жасөспірімдер арасында бокстан ашық турнир басталды. Оған 2006-2007 жылы туылған жас боксшылар қатысуда.
https://youtu.be/i0l3XW0a67w15 ақпан күні ауған соғыс ардагерлері майданда қаза тапқан қарулас достарын еске алып, «Мәңгі алаудан» Ауған соғысы ардагерлерінің ескерткішіне дейін бейбіт шерумен жүріп өтеді. Соғыста ажал құшқан жолдастарын еске алып, естеліктерімен бөліседі.
Сонымен қатар 18 ақпан күні «Теннис» спорт мектебінде каратэ-до киокушинкайдан ашық турнир өтеді деп жоспарлануда.
Камшат ӘБДІРАЙЫМ
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="48230,48229,48241,48228,48227,48231,48232,48233,48225"]