©
Бүгін «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Түпқараған ауданының 25 жылдық мерекесіне тарту ретінде «Саған,Түпқараған!» атты патриоттардың велошеруі өтті. Түлеген Түпқараған ауданына биыл - 25 жыл. 1992 жылы 6 шілдеде Түпқараған ауданы болып қайта құрылып, бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақтанған, даму үстіндегі озық аудандардың бірі. 50-ге жуық жас велошабандоз қатысқан велошеру Форт-Шевченко қалалық әкімдік ғимаратынан бастау алып, аудандық «Дарын» қосымша білім орталығына барып, табан тіреді. - «Дарын» ҚБО келудің басты себебі, «Мақсатымыз ауданымыздың жүрегіне айналған рухани жаңғыру офисіне жол салу, тұрғындарымыздың ауданымыз туралы жағымды да жақсы жаңалығынан құлағдар болатын ыстық ұясына жұртшылықты тарту. Тұрғындар рухани жаңғырудың офисі арқылы ауданымыздың жаңғыру кезеңін бірге бастан кешіріп, белсене атсалысып, қоян-қолтық қарым-қатынаста болуы керек, -дейді Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Гүлшат Айтбайқызы.Салауатты өмір салтын ұстанып, үлгі көрсетіп, жастардың бастаған бастамасына үлкендер де атсалысты. Бұл бастамада аудандағы «Айгөлек» балабақшасының бүлдіршіндері де алдыңғы саптан табылып, велошеруді «Балдырған» велосипеді мен велошеру кубогын жеңіп алды. Велошеруге белсенді қатысқан мекемелер мен жастарды ресурс орталығы атынан алғыс хаттармен марапаттады.
Жадыра ЖОЛДАСОВА
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="38689,38688,38690,38687"]