©
Бүгін "Ралли Қазақстан-2017" екінші этабын бастады. Жарыстың бұл кезеңінде қатысушылар 496 шақырым (оның ішінде 368 шақырымы бәсеке алаңы) жүріп өтуге міндетті. https://www.youtube.com/watch?v=QuhLkts-bT0&feature=youtu.be Алғашқы этаптың жеңімпазы Якуб Пшигонскиді жарыс алдында аздап сөзге тартқан едік. – Қайырлы күн, Якуб мырза. Кешегі этап жайлы не айтасыз? Қиындықтар кездесті ме? – Жарыстың алғашқы күні сәл қиындау болды. Новигатор дұрыс жұмыс істемеді, сондықтан жолды анық көре алмадық. Бірақ жарыс бізге қатты ұнады. Әсер өте керемет. Жол да, табиғат та сайыскерлер үшін ыңғайлы болды. – Бұрын Қазақстанға келіп пе едіңіз? – Жоқ, бұрын мұнда болған жоқпын. Қазақстанға алғаш келуім. – Маңғыстау жері ұнап жатыр ма? – Маңғыстау табиғаты сондай көрікті, ерекше. Жарыс алаңдары, дала тамаша. Әсіресе, Каспий теңізі қатты ұнады. Мен бұл Ралли кезеңі арқылы Қазақстанға келдім, Маңғыстаумен таныстым, Каспийді өз көзіммен көрдім. Өте қуаныштымын! Осылай қысқа-нұсқа өз әсерімен бөлісті де Якуб #стартқа бет алды. Себебі ол бүгін жарысты алғашқы болып бастайды. Сәттілік тілейміз! Жаңа ғана #старттан 23 экипаж жолға шықты. Айта кетейік, сайыскерлер #финишке дейін жетпейтін болса, 100 сағат көлемінде айыппұл салынады. Айыппұл алған қатысушының жеңімпаз атануға мүмкіндігі азаяды. Сондықтан ешқандай қиындыққа, кедергіге қарамастан олар сайысты мәреде аяқтауы шарт. Қазір біз автошабандоздарды шығарып салып, қарсы алуға #финишке кеттік.Жарыс алдында автошабандоздар көліктерін дайындау үстінде:
https://www.youtube.com/watch?v=BtYKr82pCOY&feature=youtu.beТеңге БЕКМҰРЗАЕВА Видеоны түсірген автор