Түпқараған спорт мектебінің жетістіктері мен жүлде қоры жаттықтырушы-бапкерлерінің баптаған спортшыларының сайыстағы жетістіктерімен толығуда. Былғары қолғап шеберлерін шебер соққы жасауға баулитын Асқар Камалов сауатты да шебер боксышлар тәрбиелеп келе жатырған бапкер. Боксшылардың бабын келтірген Асқар Камалов бапкерлігімен аттанған оқушылар бақ шаптырмай қайтпайды.
[caption id="attachment_2355" align="aligncenter" width="640"] Балғынбек Аралов[/caption]– Өткен айдың аяғында Петропавл қаласында 2000-2001 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы бокстан Республикалық турнирде 44 кг салмақ дәрежесінде I орын иеленген Нұрбек Орысбай мен осы жарыста 57 кг салмақ дәрежесінде бағын сынаған Балғынбек Аралов жүлделі III орынмен оралды,-дейді Түпқараған аудандық спорт мектебінің директоры Алмаз Елеуов.
Милана ЕЛЕУСІНОВА