Қазақ күресінің қарқынды дамып келе жатырғанының тағы бір дәлелі бұл спорт түріне қыздардың да белсенді қатысуы. Мамыр айының 1 мен 4 жұлдызы аралығында Тараз қаласында өткен мектеп және колледж оқушыларының Республикалық VIII жазғы спартакиадасының бағдарламасына сәйкес ауданда ғана емес облыстағы спорттың дамуына үлес қосып келе жатырған спортшы, әлемнің үш дүркін чемпионы Қанат Жұмабаев жаттықтырған Сәндігүл Аманқосова 57 салмақ дәрежесінде жүлделі III орын иеленді. Түпқарған аудандық спорт мектебінің жас спортшысы Сәндігүлден үміт зор.
Милана ЕЛЕУСІНОВА