Жуырда Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 28 жыл толуына орай Басқұдық ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде грек-рим күресі бойынша ашық облыстық турнир өтті.
Грек-рим күресінен жас спортшылардың өнерін тамашалау үшін Басқұдық ауылы әкімінің орынбасары Мұрат Жұмабаев, Маңғыстау облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының директоры Нұрлан Джалимов, Маңғыстау облысының күрес бойынша Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар жасөспірімдер мектебінің директоры Магомед Куруглиев, Мұнайлы ауданы бойынша «Ауған соғысы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бердімұрат Тайбулатов және Ауған соғысының ардагерлері Байрам Меңдібайұлы, Ходжанияз Абишев, Жұмабек Утебаев, Самат Көштібайұлы, Сағидолла Туленов, Бисенбай Айдарбайұлы, Бейсенбай Шандігердіұлы қатысты.
Қарсыластар бір-бірімен белдесіп, түрегеліп тұрған қарсыласты төрттағанға түсіріп, аударып, домалату әдісімен өтетін бұл күреске Жаңаөзен, Жаңаөзен Қызылсай, Ақтау, Ақтау Өрлеу және БЖСМ Басқұдық командаларынан 60-қа жуық спортшы бақ сынасты. Алты салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен тартысты бәсекеде Нұрсұлтан Амандықов бас төрешілік қызмет атқарды. Қазақ халқын әлемге танытқан Қажымұқанның жолын қуған күрес палуандарымыздың екі күндік сайысының қорытындысы бойынша аудан спортшылары Б.Кадырчаев, Т.Әбішев жүлделі бірінші орынды алса, екінші сатыдан А.Нұрлашов, Н.Аяпов көріне білді. Ал, Е.Әбіш, Б.Ералбаев, А.Дауланбаев, А.Алтынбеков, А.Өмірзақов, Ә.Мұхаммед, Н.Давлетбай үшінші орынды қанағат тұтты.
Гүлнара ТАСБОЛАТОВА