«Каспий» футбол клубын «Астанамен» өткен матчта жанкүйерлерінің тәртіпсізігі үшін жазалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан футбол федерациясының бақылау-тәртіптік комитетінің шешімімен ойынның қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, жанкүйерлердің қарсылас команданың ойыншыларына бөтелке лақтырғаны және көрермендердің алаңға шыққаны үшін жазаланды. Салдарынан «Каспий» ФК ағымдағы футбол маусымының соңына дейін өз алаңындағы ойындарын көрерменсіз өткізеді.
Айта кетейік, Ақтаудағы «Каспий» командасы мен «Астана» ФК арасындағы Қазақстан Кубогының 1/4 финалы кезеңіндегі кездесу соңы келеңсіз оқиғамен аяқталды. Елордалық клуб жартылай финалға шығып, қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Ойынның нәтижесі жергілікті жанкүйерлердің наразылығын тудырды. Нәтижесінде олар жеңімпаздарға бөтелке, басқа да заттар лақтыра бастады. Матч аяқталғаннан кейін «Каспий» ФК жанкүйерлері стадион аумағына жиналып, «Астана» ФК автобусының өтуіне кедергі жасауға тырысты.