Қарақия ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Жиында аудан әкімінің орынбасары Ержан Күмісқалиев барша өнер және мәдениет қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтады. - Еліміздің өнер саласын дамытуда, халыққа мәдени қызмет көрсетуде зор үлес қосып жүрген ауданымызға қарасты Жетібай, Мұнайшы, Сенек, Бостан елді мекендерінің мәдениет үйі мен Құрық балалар өнер мектебі, Өскімбай Қалманбетұлы атындағы Жетібай өнер мектебі және аудандық орталық кітапхананың қызметкерлерінің еңбегі айырықша. Аудан көлемінде өтіп жатқан игілікті іс-шаралар сіздердің талмай еңбек етулеріңіздің арқасы. Сондықтан аудан мәдениетінің өркендеп қанат жая беруіне тілектестігімді білдіремін, - деген аудан әкімінің орынбасары Ержан Күмісқалиев бірқатар қызметкерді аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттап, гүл шоқтарын ұсынды. Сондай-ақ жиында үздік мәдениет үйі мен кітапхана қызметкерлері де марапатталды.
Фариза ХАЙДАРОВА