13-16 қыркүйек аралығында Ақтауда Каспий жағалауы елдерінің II Халықаралық театр фестивалі өтеді! Бұл жылғы фестиваль Н.Жантөриннің 90 жылдығына орайластырылып отыр. Оған Каспий жағалауындағы елдердің өнер ұжымдары қатысады.
Фестивальге: ? Әзірбайжан Мемлекеттік Ұлттық академиялық драма театры; ? С. Амутбаев атындағы Мензелин Мемлекеттік татар драма театры; ? Уфа Мемлекеттік «Нұр» татар театры; ? Кемине атындағы Мары Мемлекеттік драма театры; ? Билех Савар Барбод театр тобы (Иран); ? Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры; ? Ақмола облыстық орыс драма театры; ? Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық – драма театры қатысады.
* Театрлар репертуарында ұлттық және әлемдік классиканың үздік туындылары бар. * ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің қолдауымен өтетін фестивальдің құрылтайшысы Маңғыстау облысының әкімдігі және Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы – ТҮРКСОЙ.
* Шараның ашылу рәсімі 13 қыркүйек күні сағат 20.00-де теңіз жағалауындағы АМФИТЕАТРДА өтеді! Фестиваль аясындағы барлық шараларды көрермен тегін тамашалай алады.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА