Мамырдың 18-ші жұлдызы – Халықаралық музей күніне орай Маңғыстау ауданындағы С. Қондыбай атындағы мемориалдық мұражайда «Музей түні» шарасын атап өту жыл сайынғы үрдіске айналды. Осымен үшінші рет өткізіліп отырған шараға келушілер музей залдарын аралап, шолу экскурсия жүргізді.
Шараға жиналған қонақтар С.Қондыбай шығармаларында кездесетін «Қу басқа көшіру» аңызы желісінде театрландырылған қойылым тамашалады. Сонымен қатар ғалымның еңбектерінде кездесетін Ұмай ана, Күн ана, Жел ана, От ана, Жылан ана, Мыстан, Бақсы, Батыр, Су перісі, Қыдыр ата, Тазша бала, Бапы хан сияқты мифологиялық кейіпкерлердің киім үлгісі жиналғандардың, әсіресе балалардың қызығушылығын арттыра түсті.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Жаңаөзендік отбасылар спорттық ойындардан сайыстыҚара домбыраны серік еткен жас өнерпаздар арасында «Домбыра пати» ұйымдастырылып, жас домбырашылар өз өнерлерін ортаға салды. Өнерлі оқушылар ән салып, би билеп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Музей күніне орайластырып өткізілген «Музей түні» көпшілік көңілінен шығып, халық тарихи-мәдени мұрамызға бір табан жақындай түсті.
Өз тілшіміз