Жақында «8 Наурыз – Халықаралық қыз-келіншектер күні» мерекесіне орай Қызылтөбе мәдениет үйінде «Қыздарға әсемдік жарасады» атты аудандық қыз сыны байқауы өтті. Мұнайлы ауданына қарасты мекемелерден қазағымыздың арулары бақ сынауға келді. Байқау жоғарғы дәрежеде өтіп, келген үміткерлер жақсы дайындықпен келгені көрініп тұрды. Қатысушылар өнерін ортаға салып, сайыстың көркін ашты.
Бұл байқауда бас жүлдені «Сұңқар» жекеменшік балабақшасының тәрбиешісі Жақсыгелдиева Айсәуле иеленді. «Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкері Абаева Айжамал 1- орынға ие болса, 2- орынды «Арай» жекеменшік балабақшасының тәрбиешісі Мейлова Жадыра, 3-орынды «Ақмаржан-Мұнайлы» жекеменшік балабақшасының хореогрофы Давулбаева Гүлшат иеленді. Зал көрерменге лық толы болды. Арулар түскен суреттерге инстаграм парақшасы арқылы дауыс беріліп, Ермек Анара «Көрермен көзайымы» номинациясына ие болды.
Сондай-ақ, «Ибалы ару» – Атрек Айдан, «Кербез ару» –Ахметова Баянды , «Зерделі ару» – Сатыбалдиева Альфия, «Тапқыр ару» – Абдрахман Альфия, «Өнерлі ару» номинациясымен Рахым Роза марапатталды.
- Қыз сыны байқауы өте тартысты әділ өтті деп ойлаймын. Қыздардың өнерлері жоғары деңгейде дайындалғаны көрініп тұр. Қыздарымыз жан-жақты білімді, ақылды. Қыздардың көркіне ақылы сай. Осындай сайыстар жиі ұйымдастырылып тұрса екен, - дейді жеңімпаз Айсәуле Жақсыгелдиева.
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="49617,49618,49619,49620"]