©
М.Өскінбаев атындағы Филармонияда маңғыстаулық эстрада жұлдыздарының «Алғыс айту күніне» арналған «Шын жүректен, мың алғыс» атты концерттік бағдарламасы өтті.
2016 жылы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялаған болатын. Сол сәттен бастап Қазақстан халқы осы ерекше мерекені тойлап келеді.
Алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген құрметінің орнығуы, бейбітшілік пен келісімнің салтанат құратын күні. Осы мүмкіндікті сәтімен пайдаланған ұжым жастары Маңғыстау мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін ортамызда отырған өнер, мәдениет ардагерлеріне, өнерсүйер қауымға, Мәдениет және өнер саласының майталман аға-апаларымызға, әкелереміз бен аналарымызға зор алғыс айтты.
Алғыс алғандар арасында: ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Маңғыстау облысының құрметті азаматы, 1989-1995 жылдары Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрін, «Ақжарма» фолкьлорлық ансамблін, «Ақ шағала» вокалды-аспаптық ансамблін тағы да басқа өнер ұжымдарын құрған Нұрнияз Мұқанов, Қазақ Социалистік Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ҚазақССР-нің халық ағарту ісінің үздігі, ҚР Мәдениет қайраткері, Маңғыстау облысының Құрметті азаматы, өлкеміздің аға домбырашысы, ұстаз Орын Құлсары, ҚР мәдениет қызметкері, Маңғыстау облысының құрметті азаматы, дәулескер әнші, республикалық фестивальдер мен байқаулардың жеңімпазы, Маңғыстаудың дәстүрлі ән мектебін бүгінгі күнге жеткізуші, ұлағатты ұстаз Күріш Тасболатов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, даулескер күйші, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының құрметті профессоры, Маңғыстау облысының құрметті азаматы, талай шәкірт тәрбиелеген ұстаз Сержан Шәкірат, ҚР оқу-ағарту ісінің үздігі, «Қазақстан киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыруға және туған өлкенің тарихын зерттеуге зор үлес қосқан белгілі өлкетанушы, зерттеуші Отыншы Көшбай, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының құрметті профессоры, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Маңғыстаудың тұңғыш домбыра-примачы, ұлағатты ұстаз Аманбек Сүндетов, ҚР еңбек сіңірген әртісі, күйші- профессор, «Құрмет» орденінің иегері, Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің, «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің әртісі, аяулы ұстаз Роза Айдарбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші, күйші, ҚР «Оқу ісінің үздігі», Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің әртісі, ардақты ұстаз Рухия Батыршева, мәдениет саласының ардагері, облыстық филармонияның симфониялық оркестр әртісі Георгий Каспаров, Маңғыстаудың тұңғыш кәсіби қобызшысы, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің әртісі, аяулы ұстаз Хадиша Балапашева, Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының негізін қалаушылардың бірі, Жаңаөзен қалалық өлкетану мұражайы мен Тарас Шевченко атындағы мемориалдық мұражайының құрылуына тікелей басшылық жасаған Франгиза Тайымова, Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының ардагері, мәдени құндылықтарды жөндеу жұмыстарына зор үлес қосқан, Парасат орденінің иегері – Мақсұт Нұрқабаев, Маңғыстау күйлерін зерттеп, нотаға түсірген, бірнеше күй жинақтарының авторы, Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің әртісі, ұлағатты ұстаз Айтберген Жаңбыршы, Республикаға танымал жыршы термеші, Маңғыстаудың дәстүрлі ән мектебінің бүгінге жеткізушісі Жеткізген Сейітов, ҚР мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші, «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің құрылған сәтінен бері қызмет етіп келетін әкімгері Бауыржан Сатыбалдин, мәдениет саласының ардагері, облыстық филармонияның симфониялық оркестр әртісі Валентина Журавлева, ардагер кітапханашы, өз саласының білікті маманы, үздігі Сәулемай Елемес, облыстық филармонияның симфониялық оркестрінің ардагері Юрий Волков, Насыпхан Бикеева, ҚР мәдениет саласының үздігі, Маңғыстау тарихи-өлкетану мұражайының құрылып, қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан Тамара Жұмалиева бар.
Мерекелік сый-құрмет көрсетіліп, ағайынды Көшеровтер Нұрталап Жүсіпбековтің «Асыл азамат», Шәмші Қалдаяқовтың «Отаным менің», Сәбит Шектібаев Қожантай Қойбас. «Теке қала», Аида Байгелова «Ақтанның термесін», Нұржанат Бисебаева «Асыл әжем», Дегдар Жолдасбаев «Ассалаумағалейкум, елім», Марат Сафаров Анатолий Поперечныйдың «Малиновый звон», Бердібек Құлғараев пен Ақмарал Арғынқызы Арно Бабаджанянның «Твои следы», Екпін Толқынхан мен Сержан Масжанов Алтынбек Қоразбаевтың «Сары –арқа», Би Дамир Туребеков шәкірттерімен «Ирландский стэп» биін, Гүлнар Жолдасбаева, Фариза Ретбайқызы, Бақтылы Кунебаева үштігі Әділет Жеңісбекұлы «Жаңа ғасыр - Қазақстан», әншілер хоры Аман Жангировтің «Филармония» шығармасын орындады.
Үміт ЖӘЛЕКЕ