Биыл Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында наурыз айы еліміздің ұлттық құндылықтарын насихаттауға арналды. 1-наурызда басталған алғыс айту күні қазақы дәстүрімізді, ұлттық киімдерімізді көрсетіп, жастардың білімге, спортқа, қайырымдылыққа құлшындыру шараларына ұласты.
Етек-жеңі мол, қыз-келіншектер үйдің іші-сыртындағы шаруаларына араласса да, көшеге шықса да еш қымсынбастан еркін жүруіне мүмкіндік беретін, той-думанда әсемдігімен көз тойдыратын қазақтың ұлттық киімдеріне не жетсін. Заман ағымына сай сәндеп киюге де икемді. Ықылым заманнан бері қазақ қыздары мен әйелдері ажарын айшықтап келе жатқан әдемі киімдердің мерекелік көрсетілімі Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде өтті.
«Өрнек» сән үйінің негізін қалаушы, тігінші-дизайнер Нұрияш Ниязованың «Өнер сыры – өрнекте» атты коллекциялық көрсетіліміне жиылған жұрттың назарына алдымен қазақтың ұлттық киімдері топтамасы, содан соң заманауи киімдер үлгісі ұсынылды. Залдағы көрермендер көз жауын алардай небір әсем нақыштармен өрнектелген киімдердің көңілден шыққанын қошаметпен білдіріп отырды. Ал Асқар және Асанәлі Көшеровтер, Аида Байгелова, Кәмшат Ізтілеуова, «Жорға» би ансамблі, «Колибри» сән-театр студиясы, «Ақжарма» фольклорлық ансамблі сынды өнер жұлдыздары шараның жақсы деңгейде өтуіне ат салысып, өз үлесін қосты.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Бейнеуді өз Отаным деп айта аламынШара барысында құттықтау сөз сөйлеген облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Базаралиева Нұрияш Нұрбергенқызына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мақсат Сқақовтың Алғыс хатын тапсырды.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="49505,49503,49507,49508,49506,49504"]