Ереже бұзған сәттегі бейнежазбаны блогер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Lexus NX200 көлігінің жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпастан көлікті басқарғаны белгілі болды. Осыған байланысты көлікте балаға арналған арнайы орындықтың болмауына қатысты та шара қолданылды.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 27 жастағы тұрғынға ҚР ӘҚБтК 593-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырғаны мәлім болды.