Гендерлік саясаттың даму тарихының шығуы XIX ғасырда басталды деп есептеуге болады. Батыс Еуропа және АҚШ елдерінде 2 жыныстың теңдігі туралы фиминистік қозғалыс пайда болды. Бұның негізгі бағыты әйелдердің сайлау құқығы туралы күрес болды. Гендер қоғамның әлеуметтік ұйымына бағынышты ерлер мен әйелдер қызметінің теңдігін белгілейді. Гендерлік саясат әйелдерге тең қол жетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуды қамтамасыз етуі қажет. Мемлекет басшысы бекіткен гендерлік теңдік стратегиясы негізінен ерлер мен әйелдердің теңдігінеқол жеткізу мақсатындағы билік пен қоғамның өзара тиімді әрекет етуіне бағытталып шығарылған заң. Гендер (ағылш. gender) – қоғамдағы адамның жүріс тұрысын анықтайтын әлеуметтік жыныс. Ал, гендерлік саясат-қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет. Манғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйел азаматшалар да жұмыс жасауда. Яғни, гендерлік саясат – сот сапасына тең құқыққа ие деп айтуға болады. Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы қабылданып, гендерлік теңдік мүддесінде ұлттық заңнаманы құру және жетілдіру бойынша одан әрі қадамдар жасауға мүмкіндіктер берілді. Гендерлік теңдік – қай жынысқа жататынына қарамастан, ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін және саяси, экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық және мәдени өмір салаларына қатысуға нақты қолжетімділігін қамтамасыз ететін құқықтық мәртебеге ие болады.
Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегімамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі Айжамал Нұрболатқызы