Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шараларын сот төрелігінің міндеттерін іске асыру мақсатында қолданады. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін бұған кінәлі адамдар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Егер сот отырысында тәртіп бұзушының әрекеттерінде қылмыстық құқықбұзушылық белгілері болса, ол адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
Заңға қарсы жасалған әрекет (әрекетсіздік) үшін бір ғана мәжбүрлеу шарасы және (немесе) бір ғана жауаптылық түрі қолданылады. Сот отырысында сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі анықталғандығы туралы осы бұзушылық анықталған сот отырысында сот кеңесу бөлмесіне кетпестен жариялайды. Осы факт сот отырысының хаттамасында тіркеледі. Бұл ретте әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды. Өзіне қатысты сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі анықталған адам, сондай-ақ, іске қатысатын өзге де адамдар өз түсініктемелерін беруге құқылы. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы қаулыны төрағалық етуші судья азаматтық іс бойынша сот отырысы аяқталғаннан кейін кеңесу болмесінде дайындайды, оған судьялар (сот құрамы) қол қояды. Егер сотқа құрметтемеушілік сот отырысында білдірілсе және тәртіп бұзушы сот отырысының залынан шығып кеткен жағдайда, сот отырысынан тыс сотқа құрметтемеушілік білдірілмеген кезде, сондай-ақ егер сот отырысына келуден жалтару белгіленсе, сот приставы немесе соттың өзге жұмыскері сот төрағасының немесе сот отырысына төрағалық етушінің ауызша хаттама жасайды, бұл жөнінде құқықбұзушылық туралы хаттамада көрсетіледі. Құқықбұзушылқ туралы хаттама осы баптың төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда қажетті материалдармен бірге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіпке сәйкес қарау үшін сотқа жіберіледі. Егер сот отырысында тәртіп бұзушының әрекеттерінде қылмыстық құқық-бұзушылықбелгілері болса, сот бұл туралы қаулы шығарады, ол өзіне қатысты қаулы шығарылған адамға үш жұмыс күні ішінде тапсырылады (немесе) жіберіледі және растайтын материалдармен бірге прокурорға сотқа дейінгі іс жүргізуді ұйымдастыру үшін жолданады.
Г. Метерқұлова Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы