Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың республика судьяларының ҮI съезінде сот жұмысына жаңа технологияларды енгізу керектігін тапсырғаны белгілі. Содан бері бұл бағытта қолға алынған жаңа бастамалар көп.
Ең алдымен, азаматтар «Сот кабинеті» арқылы өз арыз-шағымдарын үйде, кеңседе отырып жлдауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сайтындағы « Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу» қызметтерін пайдалану да халықтың уақыты мен қаржысын үнемдеуге ықпал етуде. Осындай игілікті бастамалрдың нәтежиесінде тараптар сотқа келмей-ақ үйлерінен отырып Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми сайтында «Сот құжаттарымен танысу» қызметтері арқылы сот істерімен таныса алады, сонымен қатар, сот құжаттарының электронды көшірмелерін шығарып алу да енді оңай. Сот шешімдеріне риза болмағандардың да енді ғимаратқа келіп, арыз жазуы міндетті емес. Жаңа мүмкіндіктердің көмегімен азаматтар апелляциялық және кассациялық шағымдарын сотқа «Сот кабинеті» арқылы жлдай алады. Бұрын арызы қабылданған соң жұртшылық соттан хабар келгенше алаңдап отыратын. Бүгінде мұндай белгісіздіктің де ауылы алыста қалды Өйткені, тараптар өздеріне қатысты істердің сотқа қабылданған күннен бастап барлық қозғалысын үйде отырып бақылай алады. Бастапқы кздері азаматтар «Сот кабинеті» түсінбей қарағанымен, қазір жаңалықтың тиімді екенін түсіне бастады. Содан болар, бүгінде арыздардың сот кабинеті арқылы түсуі қалыпты жағдайға айналып келеді. Мұның өзі көпшіліктің Жоғарғы Сот тарапынан қолға алынған бастамаларды қолдағанын көрсетсе керек. Жоғарғы Соттың өзге құрылымдармен өзара байланысты да жаңа технологияларды қолдану арқылы нығая түскен. Еліміздің соттары барлық мемлекеттік мекемелер арасында интернет-ресурстарын қолдану бойынша екі жыл қатарынан бірінші орынды иеленіп отыр. Мұндай жақсы көрсеткішке оңай қол жеткізген жоқпыз. Бұл іске республика соттарының бәрі бір кісідей атсалысты. Жаңа бастамаларды таныстыру, насихаттау бойынша іс-шаралар үздіксіз жүргізілді. Ең бастысы, еңбек өз жемісін берді.
К. Шынарбекова Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы