ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мамандары Ақтау қаласындағы «Kicom Сервис» ЖШС-нің «Олжа» сауда орталығында, Бағалы және жартылай бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйым өнімдерін сатумен айналысатын 35 жеке кәсіпкерлер субъектісімен қолданыстағы Қазақстан Респуликасы "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" Заңының талаптарын түсіндіру мақсатында кездесу өткізді. Кездесу барысында, зергерлік бұйымдарды сатып алу кезінде Қазақстан Республикасының бірыңғай сынамалық таңбасы "Барыс басы" символы және уәкілетті ұйымдардың коды бар Қазақстан "KZ" халықаралық аббревиатурасы бейнеленген, сондай-ақ осы бұйымды дайындаушының өзі келтіретін атаулы таңбасының болуына назар аудару қажеттілігін, ал егер бұйымдаатауы мен сынама таңбаның болмауы, заңсыз дайындалған бұйымды сатып алу белгілерінің бірі болып табылатындығын департамент мамандары атап өтті. Сонымен қатар, аталған Заңның 7-бабының 4-тармағына сәйкес бағалы металдар мен асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды, құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді жүзеге асыру үшін, Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өз қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы Қазақстан Республикасы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңының белгіленген тәртіппен уәкілетті органға міндетті түрде хабардар ету туралы, қызметтің басталғаны туралы хабарлама негізінде, Комитеттің аумақтық департаменттері атынан уәкілетті орган арнайы есепке қою туралы құжат беретіндігін және Заңның 6-бабы 1-тармағының 4-тармақшасында көзделген зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес субъектіге (объектіге) бармай бақылау және профилактикалық бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау және тәуекел дәрежесін бағалаудың бекітілген өлшемдері нысанында жүзеге асырылатындығы туралы түсіндірді.
ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті