Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов халық алдында есеп береді. Кездесу 30 қараша күні сағат 16:00-де Ақтау қаласының 34 шағынаудандағы «Достық үйі» ғимаратында өтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"Кездесуде тұрғындарға қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және атқарылған жұмыстары бойынша есеп беріледі", - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.
Маңғыстау жұртшылығы кездесуге қатысып, өз сұрақтарын қойып, өтініштері мен арыздарын бере алады. Полиция департаменті халықтан түскен сауалдарға талдау жасалып, шаралар қабылданады деп отыр.