©
Жетібай ауылының тұрғыны мас күйінде көлік жүргізгені үшін 20 тәулікке қамауға алынды. Ауыл тұрғынына қатысты әкімшілік іс Қарақия аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен қаралды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сотта анықталғандай, Р. есімді ауыл тұрғынын Қарақия ауданы, Жетібай ауылының жолында «Lada» автокөлігін алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде жүргізген жерінен полиция қызметкерлері ұстаған. Тексеріс барысында оның көлік құралын басқару құқығы да жоқ болып шыққан.
Оы жайттарды ескере отырып, сот қаулысымен мас жүргізуші кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалған.