Маңғыстауда «Мейірімді сот» жобасын таныстырылды. Жоба бойынша кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі соты жасөспірімге қатысты іс материалдары мен ақпараттарды жинақтап, істің басынан соңына дейін жүргізілуін қадағалайды, - деп хабарлады mangystaumedia.kz сайты.
Жобаның таныстырылымына Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ержан Даулиев, алқа төрағалары, құқық қорғау, білім беру саласының қызметкерлері, адвокаттар, медиаторлар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жиналғандарға «Мейірімді сот» пилоттық жобасы мен оның жұмыс алгоритмін Маңғыстау облысының кәмелтке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Лариса Шамғонова таныстырды.
Оның айтуынша, бұдан былай іс тергеу органынан түскен бойда іске қатысты баламен арнайы мамандар (әлеуметтік қызметкер-психолог, қорғаншылыққа алу органы, пробация қызметі және денсаулық сақтау басқармасы) жұмыс жасайды.
Дөңгелек үстел барысында сот төрағасы Е. Даулиев елімізде отбасы дауы, баланы бөліске салу, балалардың жасайтын қылмысы мен балалар зорлық-зомбылығы көбейгендігін өкінішпен атап өтті.
Сондай-ақ баланың құқықтарын қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуда оларға қатысты қамқорлық шараларын қабылдау мақсатында облыстық сот, ІІБ, адвокаттар алқасы, білім, денсаулық басқармалары, пробация қызметі және «Мейірім» ҚБ басшылары өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қатысушылар кәмелетке толмаған құқықбұзушыларды психологиялық сүйемелдеу, кәмелетке толмаған адамның жеке басын және ол жасаған құқық бұзушылықты әлеуметтік диагностикалау, оңалту бағдарламасының негізі ретінде әлеуметтік сүйемелдеу картасын жасау, сотқа дейін және сотта медиация рәсімін жүргізу, «Құқықтық тәртіп», «Жасөспірім», «Мектеп және отбасы» жедел алдын алу іс-шаралары шеңберінде бірлескен рейдтер өткізу туралы ұсыныстар мен пікірлерін ортаға салды.
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="66111,66112,66113,66114"]