©
Интернетте, әлеуметтік желілерде діни алауыздықты тудыруға бағытталған экстремистік сипаттағы материалдар таратқан, терроризмді насихаттаған Жаңаөзен қаласының тұрғыны 7 жылға сотталып кетті. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайтына Маңғыстау облысының ІІД Экстремизмге қарсы күрес басқармасы хабарлады.
«Бұл адамға қатысты қылмыстық істі сот қарап, күдікті кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды», — деп хабарлады аталған басқарма.
Сондай-ақ құқық қорғаушылар 2018 жылдың шілде айында фейсбук әлеуметтік желісінде діни алауыздықты тудыруға бағытталған материалдарды таратты деген күдікпен Жаңаөзеннің екі тұрғынын ұстады.
Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 174 бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру қорытындысы бойынша сотқа жолданған.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Сурет сайттың архивінен