©
Маңғыстау облысының учаскелік инспекторы Шымкент қалалық ІІД қызметкерлерімен төбелескен. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлады.
ІІД хабарлағандай, шымкенттік полицейлер кеше 12 тамыз күні Шымкент қаласында жол қозғалысын ережесін бұзғаны үшін көлік тоқтатады. Көліктің рөлінде Маңғыстау облысы жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы болған.
«Жүргізуші де, оның жолаушысы – Түркістан облысы ЖПҚ қызметкері де мас күйде болған. Олар Шымкент қаласы ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының инспекторларына физикалық күш көрсетіп, қарсыласқан», - деді Сәдубаев.
Қазір ҚР Қылмыстық кодекстің 380 бабы 1-бөлігі ("Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық") бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүріп жатыр.