©
«Маңғыстау облысында жемқорлыққа қарсы қызмет офицері миллион теңге пара алғаны үшін ұсталды», - деп хабарлады ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ішкі қауіпсіздік басқармасы 4 маусымда Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ерекше маңызды істер бойынша офицерін парамен ұстаған.
ОҚИ ОТРЫҢЫЗ: Ақтаудан ауылдарға қатынайтын маршруттардың жолақысы өcті
Шұғыл іздестіру және жасырын тергеу жұмыстары шетелдік кәсіпкердің өтініші негізінде жүргізілген. Шетелдік бизнесмен агенттік офицерінің пара сұрағанын хабарлаған.
«Күдікті офицер кәсіпкерді қылмыстық жауапкершілікке тартпағаны үшін миллион теңге пара алған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Көрнекі сурет сайттың архивінен