Республика судьяларының басын қосқан алғашқы съезд 1996 жылы өткені мәлім.Содан бері қазылар жеті рет Елорда төрінде ұйымдастырылған алқалы отырыста бас қосып,сот жұмысын жетілдіруге,дамытуға қатысты келелі мәселелерді таразы басына салып,талқылады.Съезд алғашқы отырысынан-ақ қазылар арасында үлкен беделгемаңызға ие болды.Себебі.бұл жиынның бұрынғы өткен жиындардар ерекшелігі көп еді.Ең бастысы,судьялар съезі Елбасы Нұрсылтан Назарбаевтын бастап,еліміздің мықты заңгерлерінің,қоғам қайраткерлерінің өзара пікір алмасатын диолог алаңына айналды.Мемлекет басшысының жиынға тікелей қатысып,Фемида алаңындағы мәселелермен мамандардың айтуы бойынша танысуы үшінші биліктегі талай түйіткілді мәселенің шешімін табуына тікелей себепші болды.
Жалпы, осы уақытқа дейін өткізілген алты съезде де сот жұмысына қатысты ең өзекті,шұғыл қарауды қажет ететін мәселелер сарапқа салынды. Және ұндай ауқымды жиында ұсақ-түйек дүниелердің мінбеде айтылуына ерекше мән берілді.Ол үшін республика судьяларында съезге дейінгі арнайы жиындар өткізіліп,басқосуға баратын делегаттар алдын ала анықталатын болды.Ал,осы делегаттар жиынға тек қонақ ретінде келуі керкек.Аймақтық сот құрамы атынан жіберетін өкілдердің сот жүйесінде орын алып отырған кемшіліктерді ашық айтып,оның оң шешілуне өз үлесын қосуы шарт. Мұндай талапиың болуы қазылардың жиынға ерекше дайындалуына түрткі болды. Судьялардың ізденуіне,мәселені көп алдына ұсынып қана қоймай,оң қорытынды шығаратындай тиімді жол көрсетуіне міндеттеді. Шындығында судьялар съезінің шежіресін қарап отырып,онда оқылған байандамалардың онда көтерілген мәселелердің үлкен маңызға ие екенін аңғаруға қиын емес.
Осы уақыт аралығында мемлекет қазынасына сот саласын жарақтандыру мақсатында қыруар қаржы бөлінді.Соның нәтежесінде соттардыңматериалдық-техникалық базасы нығайтылды.Бұл скдьялар мен сот мамандарының кедергісіз жұмыс істеуыне ммкіндік туғызды.Осы съезд Судьялар одағының іргетасын қалады.Съездерде айтынған тапсырмаларды орындау мақсатында “сот жүйес және судьялардың міртебесі туралы”,”Алқабилер туралы”,”Медиатция туралы “ заңдар өмірге келді.Алғашқы Әдеп кодесіне жолдама берген де осы съездер болатын кодекс мемлекет атынан сөйлейтін судьялардың кісілік қабілетін,адамгершілік,моральдық бейнесін қалыптастырды.Әдеп кодексі әрбір қазының жұмыс үстелінде тұратын маңызды құжатқа айналды.
Биыл Судьялар одағының ұйымдастырылуымен 5 съезд кезектен тыс өткізілмек. Қолданыстағы Кодекс 2009 жылы өткен 5 съезде қабылданған балатын. Ал,биыл Әдеп кодексінің жаңартылған нұсқасы қазылардың назарына салынады.Бұл құжаттың қайта жасалуына Ұлт жоспарының 20-қадамда судьялардың жаңа Әдеп кодексін қабылдауға қатысты Мемлекет басшысы берген тапсырма тірткі болған еді.Кодекс жобасы дүгінде дайын.Судьялардың Әдеп кодексінің жобасында ел Президентізаман жіне қоғам тарапынан қойылатын талаптар ескерілген.Кодекс судьялардың мінез-құлқының Банголар қағидаттарына және үздік халықаралық тәжірбиеге негізделген.Жаңа құжат жобасында белгіленген қағидаттарды сақтау атқарып отырған лауазымына қарамастан барлық судьялар үшін,сондай-ақ,орындарынан түскен судьялар үшін де міндетті болып табылады.
Гүлмира СҮЙЕУОВА, Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы