Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотында Р. қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабының 2 бөлігімен берілген ісі қаралды.
Іс бойынша, 10 мамыр 2017 жылы сағат 16.00 шамасында Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе селосы, Ынтымақ кентінде орналасқан «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ-ның базасы мен «Бердиев» ЖК-нің газ құю бекетінің ортасында орналасқан орталық тас жолда жүргізуші А.Д.Укибаева «Hyndai Elantra» маркалы мемлекеттік белгісі 847 DLA/12 көлік құралын басқарып басты жолға шығу барысында, Қызылтөбе ауылы бағытынан №17 шеп бекеті бағытына қарай басты жолмен қозғалып келе жатқан жүргізуші К.басқаруындағы «Volkswagen Passat» маркалы мемлекеттік белгісі 288 CKA/12 көлік құралымен соқтығысып, жол – көлік оқиғасын жасаған, нәтижесінде «Volkswagen Passat» маркалы автокөліктің бүлінуіне және осы көліктің жолаушысы М. денсаулығына зиян келтірген.
25.05.2017 жылғы соттың қаулысымен, Р. ҚР-ның ӘҚБтК-нің 610 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 31 815 (отыз бір мың сегіз жүз он бес) теңге айыппұл салу және 1 (бір) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазалары қолданылды.
Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі