Аудандық статистика басқармасының ұйытқы болуымен респонденттерге статистикалық есептіліктерді электронды түрде «Online-режимде» тапсыру үшін авторизацияның жаңа тәсілі және жаңа «Респонденттің кабинеті» қосылғандығы туралы, 1-КС (шағын) Орындалған құрылыс жұмыстары (көрсетілген қызметтер) туралы есеп және ҚР Заңнамалары мен нормативтік-құқықтық актілер туралы ақпарат беру мақсатында семинар-кеңес өтті.
Жиынға аудан әкімінің сол кездегі міндетін атқарушы Б.Сүлейменов төрағалық етіп, облыстық статистика департаментінен Құрылымдық статистика басқармасының басшысы А.Еримбетова, инвестициялар және құрылыс статистикасы басқармасының басшысы А.Исламова және Заң басқармасының басшысы Л.Керимшеева қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес, лауазымды тұлғалар респондеттерге 2017 жылғы 24 ақпандағы статистикалық есептіліктерді электронды түрде «Online-режимде» тапсыру үшін авторизацияның жаңа тәсілі және жаңа «Респонденттің кабинеті» қосылғандығы туралы толығырақ таныстырды. Статистикалық есептіліктердің тапсыру мерзімін және дәйектілігін қамтамассыз етуін сұрады. «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы №257-IV Заңы, сонымен қатар статистика саласына қатысты баптар бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ және Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі N173 бұйрығымен бекітілген «Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну ережесін бекіту туралы», 1-КС (шағын) Орындалған құрылыс жұмыстары (көрсетілген қызметтер) туралы есеп бойынша мағлумат берді.
Статистикалық есеп берушілерді қызықтырған сұрақтар төңірегінде де сөз болды.
Шахида Жұман