Ата Заңымыз Конституция белгілеп берген қазақ тілімізді өзінің тұғырына көтеруіміз тиіс. Оны толық қанды іске асыру үшін қазақ азаматтары жұмыла жұмыс жасауымыз қажат. Мемлекеттік тілді бірінші кезекте, мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін азаматтардың білуі заман талабы. Мемлекеттік тілді меңгерем деушілер үшін басты мәселе олар өздері үшін қазақ тілінің мәртебесінің биіктігіне көз жеткізу қажет. Сондықтан, Елбасының мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту туралы саясатын бұлжытпай орындап, сот істерін қарау және іс қағаздарын жүргізу тек мемлекеттік тілде жүзеге асырылуы керек. Ана тіліне салғырт қарау – өз халқының өткеніне, бүгінніне, болашағына немқұрайлы қарау деген сөз. Яғни, қазақ тілінің тағдыры баршамыздың қолымызда. Ана тілін ұмытған жан өз халқының өткенінен де болашағынан да қол үзгені. Ана тілі – ар мөлшемі, олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. Сондықтан қазақ тілінде сөйлеу және мемлекеттік тілді құрметтеу баршамыздың отан алдындағы борышымыз екенін сезіне білуіміз қажет.
Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегімамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы М.Әбдімұқан