2014 жылғы 17 қарашадағы өзгеріске сәйкес, кодекстің осы бабы өзгеше сипатқа ие болды. Яғни, ендігі жерде сот процесі дыбыс-бейне құрылғылар арқылы жазылған жағдайда сот отырысы тұтастай қағазға түсірілмей, қысқаша хаттама жазуғаболатыны көрсетілген.
Сотта қаралатың істердің саны жыл сайын көбейіп келе жатқаны баршамызға белігі. Мұндай жағдайда әр отырыстың хаттамасын тұтастай жазып шығу сот хатшыларына үлкен қиындық келтіретін. Олар міндеттемесін дер кезінде, белгіленген мерзімде аяқтау үшін жұмыс сонында қалып, хаттаманы аяқтауға тырысып жататын. Тіпті, үлгере алмағандар жұмысқа демалыс күні де шығып, хаттама жазатын.
Жаңа енгізілген өзгеріске орай, енді барлық сот отырысындағы дыбыс-бейнеқұрылғыларының көмегімен жазылалы. Олардың таспалары сақталатын болғандықтан, іске қосымша қысқа хатттама ғана тіркеледі. Бұл сотқа келетін тараптарға да пайдалы. Дыбыс-бейнеқұрылғылардың болуы істің дер кезінде, сапалы қарауына мүмкіндік береді. Іс бойынша қандай да бір дау туындағанда, істі қайталап көруге деген өтініш түскенде талаптар таспаны кез келген уақытта сұратып, қайта қарап шыға алады. Бұл өзгерсіс сот, судбялар әрікетіне қатысты негізсіз арыз-шағымдарға да тосқауыл қоя алуымен құнды. Дыбыс-бейнежазбаның техникалық құралдарын қолдану тәртібі соттардың қызметін материялдық-техникалық қамтамасыз ету және ұйымдастыруды жүзеге асыратын органмен анықталады.
Сондай-ақ, мұндай өзгерістер клдекстің 256-бабы 13-тармағынада енгізілген. Егер бұрынғы редакцияда сот жарыссөздерінің мазмұны ғана көрсетілген болса, казіргі өзгерістер бойынша, хаттамаға қосымша тараптардың репликалары енгізіледі.
Кодекстің 258-1-бабында да өзгеріс қамтылған. Яғни, іске қатысушы тұлғалар сот отырысының дыбыс-бейнежазбасымен және қысқаша хаттамасымен үш жұмыс күні ішінде танысуға және сот отырысын аяқталғаннан ейін бес күні ішіндеоған жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында хатттамадағы жазбаның толық және дұрыс еместігі туралы ескертпе беруге құқылы. Бұл ескертпені қарау осы Кодекстің 259-бабында көрсітілген ережеге сәйкес жүзеге асыралады.
Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Абуова Шамшат