Сот жүйесін жетілдірудің басты міндеттері- соттардың жариялылығы.
Бұл ел дамуының қазіргі тарихи кезеңіндегі сот төрелігін сапалы атқарудағы сот жүйесіндегі басым бағыттарының бірі болып табылады.
Бүгінгі таңда елімізде сот жүйесінің өзіндік заңдық базасы қалыптасты. Әділ сот жүйесінің жұмысы әлемдік стандарттарға сәйкестендіріп, соттың тәуелсіздігін кепілдендіретін құқықтық тетіктер енгізілді.
Айта кетерлігі, биылғы жылдың өзінде осы бағыттарда бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылуда. Ақпараттық технологиялар да сот өндірісіне енгізілуде, ол бұл сот жүйесінің ашықтығын қамтып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізбек.
Сот жүйесінің электрондық іс жүргізу тәсілі «Төрелік» жүйесіне көшіп жатқанын сот жұмысының ашықтығын, халыққа қолжетімділігін жетілдіру мақсатында бүгінгі күні ғаламтормен «Сот кабинеті» сервис қызметі арқылы үйде отырып–ақ сотқа тапсыратын құжаттарды жөнелтуге мүмкіндік бар екенін, түрлі себептермен сотқа жүгінулерін (арыздарын, талап-арыздарын, т.б) талаптарын электрондық тәсілмен жолдауға мүмкіндігі бар екендігін атап өткен жөн.
Сот төрелігінің ашықтығын қамтамсыз етуде сот залдарын аудио және бейнежазу қондырғылармен жабдықтаудың рөлі зор. Қазіргі кезде еліміздегі сот залдарының барлығында аудио және бейнежазу жүйесін енгізу қарқынды жүргізілуде. Атап айтсақ, бұл жүйенің тиімділігінің нәтижесі сот отырысының хаттамасы болып табылады. Осы хаттамада: отырыстың басталған және аяқталған уақыты, қаралған іс, оған қатысушы адамдар, соттың құрамы, істің атауы және басқа да мағлұмат көрсетіледі. Сот отырысында айтылған әрбір сөз бен іс-қимыл аудио және бейнетаспаға түсіріледі. Сондай-ақ, соттың барлық отырыстарының бейнежазбасының болуы көптеген даулы мәселелердің әділ шешуіне септігін тигізеді.Бұдан басқа, жаңа жүйе судьялардың этикалық нормаларды бұзуына жол бермейді. Ең бастысы, судьяның бейне-жазбаны тоқтатуға немесе аудиожазбаны редакциялауға мүмкіндігі болмайды. Бұл сот ашықтығы үшін аса маңызды болып табылады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары бағдарламасы аясында сот жүйесіне сот қызметінің беделін, халықтың сотқа деген сенімін арттыруға бағытталған бірқатар тың талаптар жүктеді. Олай болса, алдымызда тұрған жаңа мақсат-міндеттерді орындауда, жаңа белестерге жетуде жұмыла жұмыс істей беруге міндеттіміз деп ойлаймын.
Қызылгүл Елдашбаева Ақтау гарнизоны әскери сотының бас маманы