Еліміздің тәуелсіздік алуы мемлекеттік тіліміздің қолданылу аясының кеңеюіне жол ашты.
Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» Заңының 4 бабында мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі деп нақты көрсеткен.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексі-нің 21 бабында әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізілетіні, қажет болған жағдайда орыс немесе басқа тілде жүргізілетіні көрсетілген, сондықтан, іс жүргізу соттың қаулысымен белгіленген тілдің бірінде жүзеге асырылады.
Сондықтан Заңмен о баста бірінші кезекте мемлекеттің өз тіліне басымдылық берілген.
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаладағы барлық уәкілетті органдардан, яғни әр түрлі саладағы мемлекеттік басқару органдарынан түседі.
Елбасымыздың өзі мемлекеттік тілге барынша назар аударып, «екі-үш қазақ отырып басқа тілде сөйлеуді доғару керектігі туралы», астарлы әзілмен әдемі жеткізіп отыр, сондықтан, әрбір Қазақстандық азамат және мемлекеттік қызметкер өзінің мемлекеттік тілінде дұрыс сөйлеп, осы тілде ойлауды үйрену қажет.
П.Нұрманова Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы