Қазақстан дүниежүзілік қоғамдастыққа кіруде өзінің саясат саласындағы басымдығын көрсетті.
Әлем елдерінің көпшілігі қол қойған Біріккен Ұлттар Ұйымының мыңжылдық декларациясында (2000 ж.) ерлер мен әйелдердің теңдігін көтермелеу, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, үшінші мыңжылдықтағы адамзат дамуының негізгі мақсаттары ретінде айқындалған. Қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінде тарихи қалыптасқан ерлердің әйелдерден басым болу жағдайы өзгерістерге ұшырауда.
Өнеркәсібі дамыған және әлеуметтік бағдар алған елдерде әйелдер өз құқықтары мен мүмкіндіктерінің ерлермен тең болуына іс жүзінде қол жеткізді. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан да ерлермен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында белгілі бір жетістікке жетті.
Президенттің Жарлығымен 2006-2016 жылдарғы арналған гендерлік тендік стратегиясы бекітілді. 2009 жылы Қазақстандық заңнаманың гендірлік бағытын күшейткен 2 заң қабылданды. «Тұрмыстық зорлықтың алдын алу», «Әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы».
Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдауында: «Қоғамның өркениеттілік деңгейі оның әйелдерге деген қарым-қатынасымен өлшенеді» - деген болатын. Әйелдердің білім деңгейінің анағұрлым жоғарғы болуы, саясатқа қатысуы еркектермен лайықты бәсекелестікті құрап, елдегі істің жағдайының жақсаруына ықпал етеді. Басқарушылық құрылымдарда әйелдердің қатысуы едәуір икемдірек, үнемі өзгеріп отыратын жағдайларға бағдар алған басқару нысандарын дамытады.
Әйелдер әлдеқайда тындырымды, ұқыпты, тіл табысқыш, адамдарға үлкен ынтамен қарауға және қамқорлық жасауға бейім. Әйелдердің азаматтық белсенділігінің артуы, әйелдердің үкіметтік емес ұйымдарының қызметінің жандануы.
Көбіне әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық қоғамдық орындарда жасалады. Қазір әйелдерді тонау, алдау сияқты қылмыстар көбейіп кетті. Ер адам қашанда әйелге қорған болуы тиіс. Ол оны асырауға да, аялауға да міндетті. Себебі әйел «Бір қолымен әлемді тербетсе, екінші қолымен бесікті тербетеді».Мемлекеттік органдардағы зорлық-зомбылықтың алдын алумен айналысатын қызметкерлерге отбасы және адам психологиясын жақсы білу туралы талап қойылады. Ынтымағы ұйыған отбасында береке мен бірлік болады. Солай болуы да керек. Бұл – жазылмаған заң, орындалуы тиіс заңдылық.
А.Абилдина Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының жетекші маманы