Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы соңғы үлгідегі жапондық МРТ құрылғысын сатып алды. Медициналық құрылғы сапалы әрі жылдам зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыстық аурухананың баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрылғы миды, іш аймағын, жамбасты, буындарды және жүректі зерттеуге арналған. Монитордағы кескіннің сапасы жұмсақ тіндердегі өзгерістерді және сипатын дәл анықтауға, тез диагноз қоюға мүмкіндік береді. Тексерулер дәрігердің нұсқауы бойынша тегін және ақылы жүргізіледі.
— Жаңа магнитті резонансты томографиясы салмақ шектеуіне қарамастан зерттеу жүргізе алады. Яғни, науқастың максималды салмағы - 200 келі. Алғашқы пациенттеріміз құрылғының мүмкіндіктері мен ыңғайлығын бағалады, тіпті кейбіреулері ұзақ зерттеу кезінде демалуға және ұйықтауға мүмкіндік алды (жүректі МРТ зерттеуге шамамен 1,5 сағат кетеді). Арнайы жарықтандыру жүйесі, дыбыстық шуды азайту функциясы және желдету арқылы жайлы жағдай жасалған», - дейді Маңғыстау облыстық ауруханасы радиология кафедрасының меңгерушісі Ануар Жақсыдай.
Медициналық қызметке жазылу үшін 8 (7292) 210 317 нөміріне хабарласуға болады.