• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 6 Желт. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіл...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау...

    Маңғыстауға 200-ден аса медицина маманы жетіспейді

    29 наурыз, 12:56  |  Денсаулық

    Кеше Достық үйінде аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен денсаулық сақтау басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиынға жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова да қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    2023 жылдың 12 айында Маңғыстауда ана өлімінің көрсеткіші 31%, нәресте өлімі 11%, туберкулезден болатын өлім 47% төмендеген. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров айтты.

    "Денсаулық сақтау саласының маңызды көрсеткіші – ана мен бала өлімі. Облыста 2023 жылы ана өлімінің екі жағдайы тіркелді, 100 мың тірі туғандарға шаққандағы көрсеткіш 9,6% болды. 1 жасқа дейінгі нәресте өлімінің деңгейі 13,7% төмендеді. Жалпы өлім деңгейі 1000 тұрғынға шаққанда 4,07%. Жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім 31,5%, қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім 12,1% өсті, сонымен бірге туберкулезден болатын өлім-жітім 46,7% азайды. 2022-2023 жылдары респираторлық аурулардан болатын өлім-жітім бір деңгейде қалып, 100 мың тұрғынға шаққанда 26,7 құрады", - деді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров.

    Денсаулық сақтау саласындағы басты проблеманың бірі – кадр тапшылығы. Қазір облысқа 206 маман жетпейді.

    Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, мамандар тапшылығы мәселесін шешу үшін 2022 жылы облыс әкімінің 157 гранты бөлінген. Ал 2023 жылы грант саны 198-ге дейін ұлғаяды (бакалавриат – 165, интернатура-33).

    "Дипломмен ауылға" бағдарламасы ауылдық жерден жұмыс таңдаған мамандарға маңызды қолдау көрсетеді. 116 миллион теңге көлемінде біржолғы көтерме жәрдемақы алу үшін 335 маман жүгінді. Сондай-ақ 157 маманға жеңілдетілген несие бойынша тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 811 миллион теңге бөлінді. Мемлекеттік қолдау шараларын күшейтіп, мамандарды ауылда жұмыс істеуге ынталандыру арқылы осы бағыттағы жұмысты жалғастыра береміз", - деді Нұрлан Ноғаев.

    Тегін амбулаториялық дәрілік заттармен қамтамасыз етуге бөлінген қаражат көлемі 1,5 есеге ұлғайып, 2024 жылы 8,8 миллиард теңгеге жетті. Өйткені, ең алдымен, қымбат емдеу препараттарын қоса алғанда, тегін дәрі-дәрмектер тізімі кеңейді.

    Сонымен қатар кездесу барысында медициналық қызмет көрсететін кәсіпкерлер міндетті медициналық сақтандыру қорының Маңғыстау филиалының жұмысына қатысты сын айтты.

    Бұған жауап берген денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Маңғыстау филиалының жұмысына байланысты шағымдардың мән-жайын зерттеу үшін өңірге комиссия жіберу туралы тапсырма берді.

    Өз кезегінде Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ресурстарды тиімсіз пайдалану медицина саласын қаржылық жүктемеге әкеп соқтыратынын атап өтті.

    "Астанада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, әлеуметтік бағдарланған мемлекеттің басты міндеті – азаматтар үшін тең мүмкіндіктер жасау, шынында да көмекке мұқтаж адамдарды қолдау. Біздің ортақ мақсатымыз - әрбір адамға жоғары деңгейде медициналық қызметтің барлық түрін ұсыну. Әр адам ай сайынғы жарналарды не үшін төлейтінін түсінуі үшін бізге ашықтық қажет. Медицина - жұмысымыздағы басым бағыттардың бірі, сондықтан біз жастарға осы салада тегін білім алуға грант бөліп отырмыз. Сапалы білім алған олар халыққа көмектесу үшін аймаққа келіп жұмыс істейді", - деді Нұрлан Ноғаев.

    848
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Қоғам Денсаулық
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Облыста 400-ден аса адам АИТВ-мен диспансерлік есепте тұр

    Келесі жаңалық

    Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы күрт өсті

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Биыл Маңғыстауда тұмауға қарсы вакцинаға 88 млн теңгеден аса қаржы жұмсалды

      22 тамыз, 12:26
      4998

      Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

      16 тамыз, 13:39
      3529

      Астаналық кардиохирург Ақтау тұрғындарын тегін қабылдайды

      10 тамыз, 12:07
      3039

      Маңғыстауда АПВ вакцинасының 17 мыңнан астам дозасын сатып алу жоспарланып отыр

      9 тамыз, 12:32
      3475

      Ақтауда өкпеге түскен қатерлі ісікті анықтау мақсатында ашық есік күні өтті

      2 тамыз, 16:48
      3675

      Ақтауда өкпеге қатерлі ісігімен күрес күніне орай ашық есік күні өтеді

      30 шілде, 11:08
      3178

      Рубрикалар

        ҚарақияАНТИКОРБайқауМаңғыстау жаңалықтарыБіле жүріңізХабарландыруАуыл өміріРедакция газеттеріАудан тынысыРедакция ұжымы

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

      27 қараша, 17:04
      905

      Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау

      25 қараша, 11:22
      149

      Ақтауда Қазақстан мен Әзірбайжан халықтарының ынтымақтастығын көрсететін «Достық аллеясы» ашылды

      9 қараша, 19:59
      5120

      Франция Ақтау теңіз портының инфрақұрылымына инвестиция салу нұсқаларын қарастырып жатыр

      6 қараша, 10:04
      1507

      Ұлттық Университет әлемдік бәсекеге қабілетті мамандар даярлайды

      5 қараша, 15:02
      1137

      Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу барысымен танысты

      4 қараша, 10:06
      6494

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»