Республика бойынша қызылшаға күдікпен 98 206 науқас тіркелген, соның ішінде 47 402 науқастың диагнозы расталды. Биыл Маңғыстау облысында вакцинамен басқарылатын жұқпалы аурулар арасында қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып отыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.
Облыста соңғы рет аурудың ошағы былтыр тіркелген. 2015 жылы – 292 жағдай, 2019 жылы – 1422 жағдай және 2020 жылы – 361 жағдай. Маңғыстау облысында бүгінгі күні қызылшаның 6076 күдікті жағдайы тіркелген, оның 4084-і расталды. (1 жасқа дейін – 720 бала, 1-14 жас – 2393, 15-18 жас – 155, 19 жас және одан жоғары – 816).
Қызылша – дене қызуының көтерілуімен, жөтелмен, мұрыннан су ағуымен, тамақ ауруы және денеде бөртпелермен жүретін жіті жұқпалы вирустық ауру.
Қызылша вирусы науқас адамнан сау адамға сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде ауа тамшылары арқылы жұғады. Қызылшадан қорғанудың бірден-бір тиімді жолы – вакцина.