Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасында "Ашық есік" күні өтіп, ақ халаттылар өңірдің кішкентай тұрғындарына қабылдау жүргізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Олардың қатарында балалар дәрігері, невропатолог Бақтыгүл Қартбаева, хирург Жақсылық Сахипов, Рамазан Кабаев, лор дәрігер Қазбек Шукуров, Асел Килдалиева, офтальмолог Асел Дикаева, травматолог Құрман Қайранов, кардиолог Замира Алпысбаева, уролог Айтжан Латипов, инфекционист дәрігер Ирина Карякина, онко-гематолог Назгүл Қисықбасова, окулист дәрігер Рауза Сатқанбаева бар.
Облыс дәрігерлері 0 мен 18 жас аралығындағы балаларды қабылдап, медициналық қызмет көрсетіп, тексеріс жүргізді.
"Ашық есік" күнінде онкогематолог дәрігерге 16, окулист маманға 9, лор дәрігерге 20, инфекционист-дәрігерге 8, травматолог маманға 6, невропатологқа 24, пульманологқа 4, урологқа 4,, педиатрға 4, нефрологқа 4, рентген-түсірілімге 2, хирургке 2, нейрохирургке 1, ФГДС-ке 1 адам келді, деп жазды МО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ақ халаттылар 100-ден астам баланы қарап, қажетті емдерін тағайындады.
“Ашық есік күндері” алдағы уақытта да өз жалғасын табады.