© dermatologiya.su
Қызылша - жұғу тенденциясы өте жоғары жұқпалы вирусты инфекция. Егер жүкті әйел бұрын қызылшамен ауырмаса және оған қарсы вакцинацияланбаған болса, онда инфекция 100% дерлік жағдайда кездеседі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қызылша вирусының инкубациялық кезеңінің ұзақтығы — 9-11 күн. Ал негізгі белгілері: дене температурасының 39ºС дейін көтерілуі, жөтел, мұрынның ағуы, көздің шырышты қабығының қызаруы және тәбеттің күрт төмендеуі.
Аурудың 4-күнінде адам денесінде, бетінде және басында(әсіресе құлақтың артында) ұсақ, ақшыл даққа ұқсас бөртпе пайда болып, ол бүкіл денеге таралады.
Бұл вирусты жүкті әйел қызылша жұқтырса өздігінен түсік тастау және мерзімінен бұрын босану қаупі бар. Сондықтан бұл аурумен ауырмаған, бірақ жақын арада вирусты жұқтырған адаммен байланыста болған жүкті әйелдерге 72 сағат ішінде дене салмағына байланысты профилактикалық ем жүргізіледі. Ол үшін әйелдің салмағына байланысты (0,25 мл/кг дозада) қызылшаға қарсы иммуноглобулин бұлшықет ішіне салынады.
Айта кетейік, жүктілікті жоспарлап жүрген, дегенмен бұрын қызылшамен ауырмаған әйелдерге кемінде 3 ай алдын қызылшаға қарсы вакцина алған жөн.