Ақтауда 1-3 қараша аралығында Астана, Алматы және Ақтөбеден келген дәрігерлер Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының консультативті-диагностикалық емханасында ашық есік күнін өткізеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Нақтыласақ, 1 қараша күні «Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ» АҚ рентгендік эндоваскулярлық операция бөлімінің меңгерушісі Колесников Алексей Евгеньевич сағат 10.00 - 16.00 аралығында қабылдау жүргізеді.
Кардиохирург Сұлтанов Ғалымжан Берикович сағат 10:00-16:00 аралығында маңғыстаулық тұрғындарды қабылдайды.
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» стратегиялық бөлімінің бастығы, хирург-дәрігер Ибекенов Онласын Тулегенович 1 қараша күні сағат 11.00 - 16.00 аралығында қабылдау жүргізеді. Ал 2 қараша күні сағат 14:00 бастап 16:00-ге дейін қабылдайды.
Функционалдық диагностика бөлімінің дәрігері Аймамбетова Алия Болатовна сағат 10:00-16:00 аралығында қабылдайды. Ал 2 қараша күні 09:00 -16:00 аралығында маңғыстаулықтарға қабылдау жүргізеді.
«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ Ақтөбе облысының жұқпалы аурулар және балалар инфекциялары кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент, жоғары санатты дәрігер, бас инфекционист Құрманғазин Мейрамбек Сағынаевич сағат 14.00-16.00 аралығында тұрғындарға кеңес береді.
Кардиохирург-дәрігер Султангереев Нұрлан Бахытович сағат 10.30 - 16.00 аралығында, 2 қараша күні 10.00 - 16.00, 3 қараша күні 09.00-дан 12.00-ге дейін қабылдау жүргізеді.
Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының ортопед-дәрігері Каратаев Ержан Сердалиевич сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін қабылдайды.
"Қабылдауға жазылу үшін 210-317, 8 705 712 11 29 нөміріне хабарласыңыз. Сондай-ақ өзіңізбен бірге УДЗ, КТ, медициналық және амбулаторлық карта ала келгеніңіз жөн", - дейді облыстық аурухананың баспасөз қызметі.