Астаналық дәрігерлер 1-3 қараша аралығында облыстық онкологиялық диспансерде науқастарды қабылдайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстық онкологиялық диспансерде консультацияны «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ дәрігерлері: абдоминальды онколог-дәрігер Расқалиев Руслан Құсайынұлы және бас және мойын ісіктерінің онкологы Ахметов Данияр Нұртасұлы, сонымен қатар «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС маманы Қарабеков Азат Бағланұлы консультация береді.
Қабылдауға 8708-604-24-91, 8708-604-24-92 телефондары арқылы жазылуға болады.
Қабылдау №215, №216 кабинеттерде 1-2 қараша күндері сағат 09:00-15:00 аралығында, ал 3 қараша күні сағат 09:00-14:00-де өтеді.
Ал онкогематологтың қабылдауы тек 3 қараша күні сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін №204 кабинетте өтеді.
Мекен-жайы: Ақтау қаласы, 1А шағын ауданындағы облыстық онкологиялық диспансер ғимараты.