Ертең, 12 қаңтар күні Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының жоғары санатты кардиохирург-дәрігері Суханов Әбунасыр Жетпісұлы тұрғындарға тегін кеңес береді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Кеңес беру аурухана жанындағы Консультативтік-диагностикалық емханада сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жалғасады.
Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы баспасөз қызметінің айтуынша, қабылдауға келетін тұрғындар өзімен бірге коронарлық ангиографиялық дискіні, эхокардиографияны (УЗИ сердца), ЭКГны алып келуі маңызды. Қабылдауға алдын ала жазылу үшін 210-317 немесе +7 (705) 689 44 20 ұялы телефонына хабарласуы керек.