Елімізде 57 стационар коронавируссыз пациенттерді қабылдаудың стандартты режиміне ауысты. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Жалпы эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Вирустың репродуктивтілік индексі – 0,87. Ауруханалардың жүктемесі азайды. Инфекциялық ауруханалар - 35 пайыз, жансақтау бөлімдері - 35 пайыз толған. Инфекциялық стационар ретінде жұмыс істеген 57 стационар коронавируссыз пациенттерді қабылдаудың стандартты режиміне шықты», - деді Үкімет басшысы.
Оның дерегінше, қазіргі уақытта 7,1 млн-ға жуық адам вакцинаның бірінші компонентін, 6 млн адам екінші компонентін алды.
«Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының әкімдері вакцинациямен қамту жұмысын күшейтсін», - деді Асқар Мамин.